Жақын арада бұйрық келеді – Израиль қорғаныс министрі

Израиль Қорғаныс министрі әскерилерге Газадағы құрлық операциясы туралы бұйрық жақын арада келетінін айтты. Ол бұған дейін бірнеше рет, соның ішінде АҚШ-тың қысымымен кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazinform Еuronews-ке сілтеме жасап. 

Фото: pixabay.com

Газа секторымен шекарада орналасқан Израиль әскери күштері жақын арада оның аумағында болады. Бұл туралы еврей мемлекетінің Қорғаныс министрі Йоав Галант мәлім етті. 

– Сендер қазір Газаны алыстан көріп тұрсыңдар, көп ұзамай оны ішінен көретін боласыңдар. Жақын арада бұйрық келеді», - деді ол. 

Елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне кіретін Экономика министрі Нир Баракаттың айтуынша, үкімет әскерге ХАМАС-ты жоюға бұйрық берген.

Бақылаушылар Газада құрлық операциясын бастау туралы шешімнің бірнеше рет кейінге шегерілгенін, оның ішінде палестиналықтардың гуманитарлық мәселелерін реттеуді талап еткен АҚШ-тың қысымымен кейінге қалдырылғанын атап өтті.

– Мен Израильде айтқанымдай, қаншалықты қиын болса да, біз екі мемлекет туралы шешімнен бас тарта алмаймыз. Израиль мен Палестинаның екеуі де қауіпсіздікте және бейбітшілікте өмір сүруге бірдей лайық, - деді АҚШ президенті Джо Байден. 

АҚШ президенті Израильге сапары кезінде ел билігін «ашудан көрсоқыр болып қалмауға» шақырғанын айтты. Сонымен бірге Джо Байден Америка әрқашан Израиль жағында болады деп сендірді.