Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік – Сенатор

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Сенатор Алишер Сатвалдиев «Алғыс айту» мерекесімен көпшілікті құттықтап, қазақ халқына алғыс айтты. 

Фото: senate.parlam.kz

«Бұл айшықты мереке аз уақыттың ішінде біздің қоғамда ерекше орын алатын, жылылық пен мейрімділіктің, достық пен бауырмалдықтың мерекесіне айналып үлгерді. «Адамға алғысы жоқтың – Аллаға шүкірі жоқ» деген ұлағатты сөз бар. Осы ұстанымға берік болып, басына қандай қиындық түссе де, «Құдайға шүкірімен» несібесін мүсәпірлермен бөлісе алған дархан пейіл қазақ халқына алғысымды айтамын!» - деді Сенатор. 

Сондай-ақ ол көктемнің алғашқы күнімен келетін мерекенің маңызына тоқталып, халықты мерекемен құттықтады. 

«Бұл мейрамның маңызы ерекше. Осы датаға орай барша отандастарымды шын жүректен құттықтаймын! Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік. Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» - деді Алишер Сатвалдиев.