АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA белбеуінің «уақытша» чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 2017 жылдың 10 ақпанында АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін жұдырықтаспақ. Жерлесіміздің қарсыласы шаршы алаң иесі 29 жастар Раусхи Уоррен. Ол бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған.
Ал жерлесіміз осыған дейін 27 кездесу өткізген. Оның біреуінде ғана қарсыласына есе жіберіп, қалған 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Жақиянов соңғы рет 2015 жылдың қараша айында төрешілердің шешімімен венесуэлалық Йонфрез Парехоны ұтып, «уақытша» белбеуді жеңіп алған еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.