Жақиянов әлемдегі ең көп саяхаттаушы боксшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnewsandviews.com сайты қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) жекпе-жектерінің географиясына таңғалды. Бұл туралы Sports.kz. хабарлады.

«Шетелдегі айқастар жайлы Жақияновтан  көп ешкім білмейді. Ол кәсіби боксшылардан 2007 жылы озып кеткен, содан бері әлемнің 12 елінде жекпе-жектер өткізді. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Швейцария, Ұлыбритания, Беларусь, Қытай, Австралия, Болгария, Монако, енді  АҚШ-қа баратындығы таңғалдырды. Бұл заманауи дәуірдің ең саяхаттаушы боксшысы - «жол жауынгері» шығар», деп жазды басылым.

Еске салсақ, Жақиянов судьялардың шешімімен америкалық Роши Уорренді (14-2, 4 КО)  жеңіп, жеңіл салмақтағы WBA Super және  IBO титулдарын иеленген.