Жақияновтың келесі қарсыласы белгілі болды
12:21, 02 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA-ның әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың келесі жекпе-жегінің мерзімі және қарсыласының кім екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірқатар британ бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Жақияновтың қарсыласы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулының иегері, солтүстікирландық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) болады.
Жекпе-жек 21 қазан күні Белфаста (Солтүстік Ирландия) өтеді.