«Жақсы адам-2023»: Биыл 7 адам арнайы сыйлықпен қатар 1 млн теңге алады
Биыл «Жақсы адам-2023» арнайы сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, деп хабарлайды Kazinform.
Биыл екінші рет ұйымдастырылғалы отырған шарада білім, ғылым, медицина, спорт, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және құтқару қызметі бойынша 7 адамға арнайы сыйлық тапсыру жоспарланып отыр.
Марапат иегерлері министрліктер мен әкімдіктердің ұсынысымен және арнайы құрылған қазылар құрамының шешімімен анықталады. Оларға «Жақсы адам-2023» арнайы сыйлығымен қатар 1 000 000 (бір миллион) теңгеден қаржылай сыйақы беріледі.
Арнайы сыйлықты әр сала бойынша мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалар табыстайды. Концерттік шарада эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді және марапат иелері туралы шағын сюжеттер беріледі.
Жаңа жылдық жобаның толық нұсқасы мереке қарсаңында «Jibek joly» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты әртүрлі салада еңбек етіп, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген мықты мамандарды, еңбек адамдарын, қайырымды жандарды халыққа таныстыру. Сондай-ақ, жақсы адамның бойындағы құнды қасиеттерді жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау және оларды мемлекет пен қоғам үшін адал қызмет етуге ынталандыру.