Олардың қатарында ақын Маралтай Райымбекұлы, мемлекет қайраткері Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы, ғалым Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин бар, деп хабарлайды Kazinform.
Айта кетейік, сессия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Оның біріншісі – облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 13 желтоқсандағы «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №12-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болса, екіншісі – облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі.
Сессияда қаралған үшінші мәселе бойынша жоғарыда аталған және өзге де бірқатар азаматқа «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Бұған дейін Берік Жамалбеков Жамбыл облысы бойынша мемкірістер департаментін басқаратынын хабарлаған болатынбыз.