Жақсы ата-ана болу үшін не істеу керек?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір-бірімен ортақ қызығушылықтары бар, бірін-бірі сүйетін ата-аналар балаларын жиі мақтап тұрады. Бұндай қорытындыны британдық мамандар 5 мыңнан астам отбасын зерттеу барысында анықтады.

Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, отбасында түсіністік пен махаббатың болуы балаға жақсы тәрбие беруге әсер етеді. Ерлі-зайыптылар ұрыс-керістен алыс болып, бір-бірін сүйіп тұрса, бұндай отбасындағы балаларға дауыс көтермей, керісінше мақтау жиі айтылады. Ерлі-зайыптылардың көп уақыттарын бірге өткізуі, жиі сүйісіп тұруы отбасының беріктігін сақтайды. Сәйкесінше олар жақсы ата-ана да бола біледі.

Ал ажырасуды жиі ойлап, бір-бірінің жүйкесін жұқарта беретін ерлі-зайыптылар баларына да жиі ұрсады. Бұл баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізетіні анық, деп жазады шетелдік БАҚ.