Астана əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл салтанатты кешке келмес бұрын елорда əкімі мен Челябі облысының губернаторы екіжақты кездесу өткізіп, өзара іс-қимылдың болашағын талқылаған.
Ал, салтанатты кеш аясында сөз алған Астана қаласының əкімі Ə.Жақсыбеков Қазақстанның елордасы мен Челябі облысының арасындағы достықтың нығайып келе жатқанына қуанатынын айтты. "Уралдық достарымыздың келгені бізді əрқашан қуантады. Облыс губернаторы бастаған үлкен делегацияның сапары екі өңірдің гуманитарлық, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынасын одан сайын нығайта түспек",-деді əкім.
Челябі облысы 2020 жылы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитін өтекізетін болған соң Ə.Жақсыбеков орыс əріптесін осы жеңіспен де құттықтап өтті. Бұл ретте, Б.Дубровский Астанаға келудегі мақсатының бірі - Астананың осындай халықаралық ірі шараларды өткізудегі тəжірибесін үйрену деп атап өтті.
Ал, салтанатты шараға тоқталар болсақ, концертте Челябі облысының ғана емес, бүкіл Ресейдің атағын шығарып жүрген "Урал" мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетті. Концерт аясында оңтүстік Урал туралы сыр шертетін көркем фотокөрме өтті.