Жақсылық Жарымбетов: Әбілязов қызметкерлерді қысымда ұстады
Ол өз сөзінде БТА Банкте Әбілязовтың жұмыс істеу әдістеріне тыңғылықты тоқталды.
«Әбілязов бірлеулерді қорқытатын, жазалайтын, кейбіреулерін қаймықтыратын, өзара біріне-бірін қарсы қоятын. Банктегі қызметі кезінде оның әдістері өзгерген жоқ. Ол жұмысқа адамдарды мәжбүрлеп немесе ынталандырып тарта бастады (...). Әбілязов банкті жеке өзі басқарғанын барлығы біледі»,-деп тоқталды Жарымбетов.
Айыпкердің сөзіне қарағанда, Әбілязов шетелде жасырынып жүрген банктің топ-менеджерлерін аянбай қаржыландырды. Сонымен бірге ол өзінің қарамағында істегендердің ҚР аумағынан тыс шығуына бастамашы болып, ұйымдастырған.
«2009 жылдағы оқиғадан кейін Украинада болған Қайрат Садықов (БТА банктің несиелеу бойынша бұрынғы директоры) өзге «қашқындар» секілді ай сайын 10 мың доллар сомасында жалақы алып отырды»,-деді ол.
Жарымбетовтың айтуынша, аталған адамдарға ай сайынғы төлем 2012 жылға дейін жалғасқан, кейіннен Әбілязов бұл адамдар өздерінің миссиясын орындады деп шешіп, жалақы төлеуді доғарған.
Сонымен қатар Әблязов жұмыстан босатылатын кезінде БТА банктің бұрынғы басқарма төрағасы Садуақас Мәмешке 10 млн. доллар төлеген екен. Бұдан бөлек ол банктің өзге де басқарма мүшелері секілді жыл сайын ресми және ресми емес бонустар алған.
Жақсылық Жарымбетов өз сөзінде Әбілязов оны жаңылыстырғанын тағы да қайталап өтті.
«Мен кінәлімін және оны мойындаймын. Мен Әбілязовтың тапсырмаларын орындадым. Ол мені жаңылыстырып, адастырды»,-деді ол.