#Жақсылық жаса: ШҚО-да Жастар ресурстық орталығы бірнеше отбасын қамқорлыққа алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғындары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Бұл жайында Семей ақпараттық орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, өткен демалыс күндері «Хамир Электромонтаж» ЖШС Охотниками.kz-мен бірлесіп, 7 көпбалалы отбасыға материалдық көмек көрсетті.

«Біз уақытымыз пен ақша бөлдік. Мұқтаж отбасыға қуаныш сыйладық. Барлықтарыңызды бірігіп, халықтың осындай топтарына көмек көрсетуге шақырамын», - деп жазды әлеуметтік желіде Жомарт Кәрімжанов.

Жастар ресурстық орталығы бірнеше көпбалалы отбасын өз қамқорлығына алып отыр. Жастар олардың аулаларындағы қарды ғана тазалап қоймай, қажетті азық-түлік те сатып алып беруде.

Семей қалалық білім беру басқармасы да мұндай игі ісгі істен тартынып отырған жоқ. Олар таяу күндері 50-ге жуық көпбалалы отбасының қал-жағдайын білмек. Ал №38 орта мектептің отбасы әлеуметтік көмекті қажет ететін бірнеше отбасыға қол ұшын берді. Бұл акцияға қаладағы тағы 15 оқу орны қосылып отыр. Жалпы мұғалімдер ұжымы 23 отбасыға материалдық және қаржылық көмек көрсетті.

Қалалық Мәдениет үйінің ұжымы да мұндай қайрылымдылық шарадан тыс қалмады. Әртістер 5 бала тәрбиелеп отырған 2 топтағы мүгедек жанның отбасына азық-түлік жеткізіп беріп, ауласындағы қарын да тазалады.

Еріктілер қаланың қоғамға бей-жай қарамайтын тұрғындары мұндай шараларға белсене қатысып, әлеуметтік көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді деп үміттенеді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні Семей қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатын 221 көпбалалы отбасы бар.