Жас көмекшілер Қарабалық ауданында тұратын зейнеткерлер Екатерина Сучок пен Анатолий Кузнецовқа жәрдемдесті. Көмекшілер деп отырғанымыз - Қарабалық аудандық №2 орта мектептің оқушылары.
«Біз жыл сайын қарт кісілердің үйлеріне келіп, көмек беріп тұрамыз. Ұлдар ауланың қарын тазалап, қыздар үй ішін жинастырады. Біздің топ жақсылық жасауға дайын тұрады»,- дейді полицияның жас көмекшілері.
Өз кезегінде қариялар елгезек жас өскіндерге ризашылықтарын білдіріп жатады.