Зейнеткерге көрсетілген көмек жайлы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде баяндалды. Қарт әже тәртіп сақшыларының қызметіне алғысын білдіру үшін полиция департаментіне келген.
Су деңгейінің көтерілуінен қауіптенген Валентина Свиридецкая үйінің жанындағы дүкеннің шатырынан түсірілген қарды тазалап беруін сұрап ПИК қызметіне, кәсіпкерлердің көмегіне бірнеше рет жүгінген.
«Алайда үш апта өтсе де мардымды жауап ала алмаған. Ыстық құбырлардың үстінде еріген қар үйдің жертөлесіне аға бастаған. Қарт «Набережный» учаскелік полиция бекеті қызметкерлерінен көмек сұраған. Учаскелік инспектор Смағұлов Руслан мен Востротин Алексей мәселені бір күннің ішінде шешіп береді. Қостанай қаласы Абай көшесіндегі үй ауласынан үш «КамАЗ» қар шығарылды», - деп хабарлады полиция қызметі.