Sotheby's өкілдерінің хабарлауынша, бұл тас қаратқа айналдырып есептегенде осы кезге дейін болған бәссаудалардың ішінде сатылған ең қымбат жақұт болып отыр.
32 гауһар таспен безендірілген сақина Нью-Йорктің Oscar Heyman & Brothers зергерлік фирмасында жасалған. Жақұттың салмағы 28,18 қарат. Ал оның бір қараты шамамен 181 мың доллар тұрады.
Сатып алушының есімі аталмады. Белгілісі, осы жүзіктің бұрынғы иесі оны Нью-Йоркте Sotheby's бәссаудасында осыдан отыз жыл бұрын сатып алған.