деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі күні қолданыста жүрген бірқатар бағдарламалардың күші жойылып, олардың бірнешеуі ғана қалады. Ал оның бірқатары тікелей Президенттің қадағалауында болады, ал қалғаны Үкіметтік деңгейде қадағаланады. Президенттің қадағалауында болатын бағдарламаның алғашқысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болып табылады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысының қадағалауында денсаулық сақтаудың, білім берудің мемлекеттік бағдарламалары және тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары енгізіледі. Біз алдағы 2-3 айда дәл осы бағдарламаларды белсенді түрде талқылайтын боламыз», деді К. Мәсімов.
Сонымен бірге Премьер-Министр Елбасы тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне тоқтала келе, алдағы уақытта балабақша санын арттыру барлық өңірлерде қарқынды дамитынын атап өтті. «Бүгінгі біздің бірінші кезектегі мәселеміз кезінде жекешеленіп кеткен балабақшаны қайтарып алу. Бұларды алу арқылы бірнеше айдан соң еліміздің барлық қалаларында оның ішінде елордада ашылатын бала бақшалар саны күрт артады деп күтеміз», деді К. Мәсімов.