Сюжетте мектептен бергі үш дос - үздік оқушы Сая, сабырлы Абзал және шешімді жылдам қабылдайтын Дархан туралы баяндалады. Олар бала кезден жарқын болашақ туралы армандайды. Алайда, тағдырдың оларға арнаған өз сынағы бар еді.
Жеті бөлімнен тұратын телехикаяны Ерлан Нұр Махамбет түсірген. Рөлдерде Рүстем Жаныманов, Бауыржан Сұрапбаев, Айнұр Бабаева, Нұржан Әбубәкір, Ержан Нұрымбет ойнайды. Әр бөлімнің ұзақтығы - 42 минут.