КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында Бурабайда "Көңілді старт" бағдарламасының баламасы "Мен чемпион" телевизиялық жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали əлеуметтік желі арқылы өз жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысының əкімі орынбасарының сөзінше, бұл Қазақстандағы түрлі қашықтықта балалар командалары жарысатын спорттық ойын болмақ.
"Естеріңізде болса, жеңіске деген жігер танытқан "Арқан тартып жатқан оралдық бала" видеосюжетін миллионға жуық адам көрген еді. Осы бала жарысқа қатысатын болады. Енді "Мен чемпион" телевизиялық жобасы Ақмола облысында түсірілетін болады.
Қазақстан жəне көрші елдердегі балалар командаларын осы жарысқа қатысуға шақырамын", деп жазды М.Иғали Фейсбук парақшасында.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.