Жақында интеллектуалды мектептердің жалпы саны 20-ға жетеді

None
АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жақында 17-ші интеллектуалды мектеп ашылып, олардың саны 20-ға жетеді. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков қала жастарымен кездесу барысында мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазақ балаларының, оның ішінде ауыл балаларының ішінде дарындылары өте көп. Біздің мақсатымыз бен міндетіміз - осындай балаларды тауып, оларға жағдай жасау. Бұл орайда қазір Елбасының тапсырмасымен, Елбасының интеллектуалды мектептері ашылып жатыр. Оның үшеуі Астана, Көкшетау, Семей қалаларында жұмыстарын бастап та кетті», деді вице-министр.

Ол сонымен қатар, кездесу барысында орта мектептердің 12 жылдық үлгіге көшу мәселесінде Министрліктің осыған арналған мемлекеттік стандартты оқу бағдарламасын дайындағанын мәлім етті.