The Verge басылымның хабарлауынша, құрушылар үшін жасалған операциялық жүйенің бета-нұсқасы Threshold деген атаумен таныстырылады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл операциялық жүйеге барлық қолданушылар 2015 жылдың көктемінде қол жеткізе алады.
Аталған шара компанияға жаңа басшы Сатья Наделла келгеннен кейінгі ең айтуылы жаңалық болмақ. Ол Microsoft-тың «ардагер» жетекшісі Стив Балмердің орнын басқан болатын. Компанияның экс-басшысы 19 тамызда қызметінен кеткен болатын.