Атап айтқанда, Қордың жаңа ұйымдастыру құрылымына өту үрдісі 2016 жылдың басында басталды және бірінші жарты жылдыққа дейін жалғасады.
«Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру жұмысы жүріп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16-дан 9 адамға дейін қысқарттық, сондай-ақ қызметкерлер санын 15 пайызға дейін қысқартуды көздеп отырмыз»,-деді Ұ. Тәжібаев.
Оның сөзіне қарағанда, біліктілік талаптарының күшеюіне байланысты соңғы екі жылда Қор штаты 65 пайызға жаңарды. Жақында 22 пайызға дейін жаңарту жоспарлануда.
Осы орайда Ұ. Тәжібаев жаңарған қызметкерлер халықаралық тәжірибе мен стандарттарды игерген жоғары білікті мамандар болатынын атап өтті.