Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастаған әкімшілік соттардың қызметі туралы мәліметтерді жариялау келе бұрын мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін сот істерінің 85 пайызында меморгандар жеңіп шығатынына назар аударды.
Ол келтірген деректерге қарағанда, өткен жылдың екінші жартысында соттарға 14 мың талап-арыз түскен.
Сондай-ақ былтыр аудандық соттар шығарған 1,2 миллион сот шешімінің 1,4 пайызын немесе 17 мың істі жоғарғы сатыдағы соттар кері қайтарған немесе өзгерткен.