«Соттарды не үшін сынайды? Қылмыстық істегі басты сын - сот айыптауға бейімділікті жұқтырған дейді. Тергеуші материалды жинайды да оларды дәлел деп таниды. Оның дәлел не дәлел еместігін айтыптаушы тарап шешеді. Қорғашуы тарапта мұндай құқық жоқ. Бұл теңқұқылық ұстанымын бұзады. Сондықтан да сарапшылар дәлелдерді полиция да емес, прокурор да емес тек сот тану қажет деп санайды. Сот алдын ала дәлелдермен байланысты болмауы және айыптау дәйектеріне бейім болмауы қажет. Істі оқыған кезден-ақ, порцесске дейін судьяда айыпталушының кінәлі екендігіне парадигма қалыптасады. Ол айыптау рухын сіңіреді. Одан кейін қорғаушы тараптың дәлелдемесін қабылдау қиынға соғады», - деді ол.
Сонымен қатар ол айыптау актілері тіліндегі олқылықтарға да тоқталды. Оның айтуынша, актілер «жасады», «ұрлады» деп айыптау түрінде жазылады. Ал халықаралық сотта айыптаушы тарап «болжау», «мәлімдеу» сынды сөздермен келтіреді.
«Бұл прайнинг әсері деп аталады. Бастапқы дәйектер адамның одан арғы мінез-құлқына ықпал етеді. Бұл ретте - судьяға. Судьяның басында парадигма қалыптасады және аталған парадигманың авторы айыптаушы тарап. Бұл жайт ақтау үкімдерінің небәрі 0,2 пайыз болу себебі емес пе? Мен айыптаушы тарап прокурор болатын істер жайында айтып отырмын. Бұл үкімдердің 99,8 пайызы айыптау болғандығын көрсетеді. Сондықтан сарапшылар сотқа барлық қылмыстық істі емес, тек қана айыптау актісін ғана беруді ұсынады», - деді Жақып Асанов.
12:57, 26 Қаңтар 2018
Жақып Асанов соттардың не үшін сынға ұшырайтынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов қазақстандықтардың не үшін соттарды сынайтындығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.