Бұл жобалардың жалпы құны 49 млн. 500 мың теңгені құрайды.
Алғашқы кезекте аудан орталығынан жаңа наубайхана жұмысын ұйымдастыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Жалағаш кентінен мал сою пунктін ашып, «Наурыз» селолық тұтыну кооперативінің сүт зауыты жұмысын кеңейту қолға алынбақ. Кәсібін өрістетуге ынталы жандардың бастамасы оң шешімін тапса, жергілікті тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігі арта түседі.