Жалағаш ауданында инвестициялық жобалардың орындалуы жеке кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырып отыр - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша жеке кәсіпкерлердің қызығушылығын тудыруда.

Солардың бірі Дастан Жарасбаев «Мал сою цехының құрылысы» инвестициялық жобасын ұсынды. Жобаның жалпы құны 14,5 млн. теңге. Кәсіпкер жобаны іске асыру үшін құрал-жабдық алуға 10,0 млн. теңге сұрайды. Оның жеке қаржы айналымында 4,5 млн. теңге бар. Қазір кәсіпкер «Агронесиекорпорация» акционерлік қоғамымен бірлесіп жұмыс жасауда. Мамандардың айтуынша, жоба толық іске асырылған жағдайда цех жылына 5,0 млн. теңгенің 720 тонна ет өнімін өндіреді. Сонымен қатар төрт адам жаңа жұмысқа тартылып, күніне 10-20 бас ірі қара малын союға жағдай туады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба үстіміздегі жылдың қазан айында іске қосылады деп күтілуде.