Жалағаш ауданында облыстық ар­дагерлер кеңесінің қоғамдық байқауы өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА.  Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жалағаш ауданында облыстық ар­дагерлер кеңесінің қоғамдық байқауы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған кеңес төрағасы Сейілбек Шау­хаманов, облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс қатысты. Басқосуда аудандағы бастауыш арда­герлер ұйымдарының жұмыстары тал­қыланып, ел ақсақалдарының ұсыныс, тілектері тыңдалды. Жиында ұйымдық мәселе қаралып, онда аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы болып Садық Әлиев сайланды.