Жалағаш кентінде тағы бір балалар бақшасы қатарға қосылды - Қызылорда облысы
12:17, 25 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жалағаш кентінде «Меруерт» деп аталатын балалар бақшасы пайдалануға берілді.
Ондағы екі топта 40 бала тәрбиеленбек.
Жаңа балдырғандар мекенінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қайрат Бекенов жыл басынан бері 2 жеке, 1 мемлекеттік балабақшаның іске қосылғанын атап өтті. Бұлардан бөлек 90 орындық санаторийлік балабақшаның іргетасы қаланды. Аудан әкімі ел ертеңі баянды болашақ үшін жасалған игі істерді Елбасының сара саясатымен ұштастырды.