Биыл ауданда 36,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның күріш 21,6 мың гектарында күріш өсірілді. Жергілікті диқандар күрішті толықтай орып, оны бастырды.
Жыл басынан бері ауданнан экспортқа 5 067 тонна күріш шығарылды. Оның ішінде Ресейге 1 673, Қырғызстанға 680, Өзбекстанға 2 306, Тәжікстанға 408 тонна жөнелтілді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің болжамына сәйкес 19,5 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.
«Ауданда күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС өңірде 42 шаруашылық нысанымен 1 млрд 28 млн теңгеге фьючерс келісімшартан жасады. Ол 14 692 тонна. Оның ішінде, аудандағы 22 шаруашылық 364 млн теңге немесе 5 201 тонна қара күрішке фьючерс келісімшартын жасады. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдары келісім-шартқа сәйкес күріш өткізуде», - деді аудан әкімі Асылбек Шәменов.
Айта кетерлігі, Жалағашта бронь кеудеше мен әскери дулыға (каска) жасайтын өндіріс орны бар.