Жалағашта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -  Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жалағаш кентіне ауылдық округтерден молшылықтың керуені жеткен.  Өнімдер нарықтық бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды.  Сазды әуенге бөленген алаңдағы қаз-қатар тігілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын сатып алушылар лек-легімен келіп жатты.

Жәрмеңкеде болған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бағаның қолжетімділігін көріп, тұтынушылар мен сатушыларға сәттілік тіледі.  Аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, жалағаштықтар өз алғыстарын білдірді.