Жалағашта домбырашылар шеруі өтті
07:12, 30 Мамыр 2018
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Домбыра-думан» атты домбырашылар шеруі өтіп, бір мезгілде 100 өнерпаз Құрманғазы күйлерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға әуез мектебі мұғалімдері, оқушылары, этно топ домбырашылары, «Мұрагер» домбырашылар ансамблінен құралған өнерпаздар қатысты.
Шара барысында өнерпаздар «Ерке сылқым», «Көрұғлы», «Күрішшілер биі», «Машботой», «Әлқисса», «Сал күрең», «Нар ағаш» туындыларын жекелей орындады. Ал Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 100 домбырашы бір мезетте көпшілікке тарту етті.
Авторы: Әділжан Үмбет