Жәбірленушілер өткен жылы жергілікті ішкі істер бөліміне малдары ұрланғаны жөнінде шағым түсірді. Жайылымға жіберген малдары қайтпай қалу жағдайы жиі орын ала бастаған еді. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар 4 күдіктіні қолға түсірді.
Күдіктілер малдарды жайылымнан қолды етіп келген. Тіпті, олар малды қорадан да алып кеткен жағдайлар кездескен. Қылмыстық іс аудандық сотта бір ай бойы қаралды. Айта кетелік, бұл қылмыстық іс 14 эпизод бойынша жүргізілді.
«Күдіктінің екеуіне жәбірленушілер тарапынан кешірім берілген. Оларға келтірілген шығындарды өтеп беретін болғандықтан жәбірленушілер осындай шешімге келген», - деді Жалағаш аудандық сотының төрағасы Асылхан Мизанбаев.
Сот үкімімен сотталушылардың екеуінің бірнеше мәрте мал ұрлығын жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Ал тағы екеуі келтірілген залалды өтеп, жәбірленушілермен бітімге келуіне байланысты қылмыстық істері тоқтатылып, сот залынан босатылды.
Әділжан Үмбет