«Жетіден жетпіс жасқа дейін» атты нашақорлыққа қарсы күрес акциясын өткізді.
Аудан орталығының бас алаңында ұйымдастырылған бұл шара әртүрлі спорт жарыстары бойынша өзара сайыс түрінде өтті. Оған жас ерекшеліктеріне қарамай, барлық ықылас білдіргендер түгел қатысты. Олардың саны 300-ден асты.
- Аталмыш акцияның басты мақсаты -есірткіге қарсы күресті күшейту мен нашақорлықтың алдын алу, - деді облыстық басқарманың бөлім бастығы Гауһар Омарова. - Осы арқылы біз мәселенің өте өзекті екендігіне жастардың назарын аударуды жөн деп таптық. Мұндағы басты ұстаным олардың ықыласын басқа пайдалы нәрселерге бұруға бағытталды. Шараның қорытындысы бұл ниетіміздің оңды жүзеге асқанын көрсетті.
Ал жарыстардың тізімін ересектердің 12 шақырымға, 35-55 жастағы үлкендер мен 14-16 жастағы жеткіншектердің 1000 метрге бөлек жүгірулері, 17 жастан жоғарылардың шағын футболы секілді сайыстар құрады.