Жалағашта ?Сағындырған әуендер? атты ән кеші болып өтті
12:48, 01 Маусым 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жалағаш аудандық мәдениет үйінде ?Сағындырған әуендер? ретро ән кеші өткізілді.
Онда өткен ғасырдың 50?80-жылдарындағы қазақ сазгерлерінің әндері шырқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған шарада жергілікті өнерпаздар әуелете ән шырқады. Жақында мәдениет үйі бүгінгі заман талабына сай келетін заманауи музыкалық аппаратпен және дыбыс күшейткіш техникамен жабдықталған еді. Олар ән кешінің көпшілік көңілінен шығарлықтай деңгейде өтуіне қолайлы жағдай туғызды.