ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында екпіндей соққан желдің салдарынан тұрғын үй, мекеме ғимараттары мен электр бағанасының құлау дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, маусым айында Жалағаш ауданында табиғаттың қолайсыз ауа-райы тұрғындарды әбігерге салды. Сұрапыл жел жеке тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттарының шатырлары ұшырып кетті. Сондай-ақ, электр бағанасының құлау оқиғасы да тіркелген.
«Соңғы жылдарда Жалағаш ауданында қатты жел мен дауыл секілді қолайсыз ауа-райынан мекемелер мен тұрғын үйлерге біршама шығын келді. 2017 жылы 2 мәрте тұрғын үйлер мен мекеме шатырларының ұшуы орын алды. Сондықтан тұрғын үйлер және әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылыс және монтаждау жұмыстар сапасына баса назар аударылуы тиіс. Олардың сапасының нашарлығы және монтаждау жұмыстар кезінде арзан әрі сын көтермейтін материалдарды қолданудың соңы осындай олқылыққа алып келеді», - деп мәлім етті Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.