«Еңбекақы төлеудің факторлық-балдық жүйесінің арқасында елімізде мемлекеттік қызметке деген қызығушылық артып келеді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.
Спикердің айтуынша, бір орынның конкурсы екі есеге өскен.
«Жеке өңірлер бойынша айтатын болсақ, мысалы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облыстық департаментінің басшысы қызметіне жарияланған конкурсқа - 55 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында бас маман қызметіне 47 адам қатысқан», -деді Айгүл Шайымова.
Факторлық-балдық жүйе бойынша пилоттық жоба төрт мемлекеттік органда жүргізіліп жатыр.