Конвенция қабылданған кейін жалақыны қорғау бағытындағы халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етіліп, елімізде осы саладағы халықаралық нормалардың сақталуы мен орындалуы нақтылана түседі. Конвенцияның ұйғарымдары экономиканың барлық салаларына қатысты және жалақы есептелетін немесе төленетін адамдардың барлығына бірдей қолданылады. Бұдан бөлек, Конвенцияда жалақыны уақытылы және жүйелі төлеудің, оны шектен тыс ұстап қалулардан, кәсіпорын банкрот болған немесе таратылған жағдайда жалақыны қорғау қарастырылады.
Жалақыдан ұстап қалу жұмыскердің өзін және өзінің отбасын асырай алатындай болуына ғана негізделмей, сонымен шектелуге де тиіс деп атап көрсетілген. Құжатта еңбекшінің жалақы сомасы мен жалақыны ұстап қалу туралы ақпаратты алу, сондай-ақ жалақысын өз еркімен пайдалану құқығы да айқындалған.
Конвенцияны Халықаралық Еңбек Ұйымына мүше 97 мемлекет қабылдаған. Ал бұған қажетті алғышарттар бүгінгі таңда Қазақстанда да қалыптасып отыр.
Құжат палатаның жалпы отырысында талқыға түсетін болады.