Жалақыны көтеруді сұрағыңыз келсе: айтуға болмайтын фразалар

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Жалақыны көтеруді сұрамастан бұрын, айтылатын сөздерді әбден пысықтап алу керек.

Бұл ретте, аталмыш сұрақпен бастыққа кіргенде айтуға болмайтын мына 5 фраза есте болу қажет.

Шетелдік басылымдардың жазуынша, қызметтік мансаппен көтерілу немесе еңбекақыны арттыру туралы келіссөздердің барысында әріптесіңнің жалақысы немесе сенің қиын қаржылық жағдайын әңгімеге арқау болмауы тиіс.

«Михаил, меннен ақшаны артық табады, бірақ екеуіміздің де атқаратын жұмысымыз бірдей»: Сіздің бұл сөздеріңізді HR-менеджер жылы қабылдай қоймас, себебі мұндай деректер құпия болып табылады.

«Балалы болдым, ақша қажет»: Қызмет сатысымен көтерілуге сенің қиын жағдайың емес, кәсіби жетістіктерің негіз болуы тиіс.

«Лауазымымды жоғарылатпасаңыз, жұмыстан кетемін»: Бұл шын болса да, онымен қорқытудың қажеті жоқ. Менеджерлер ақымақ емес, сен жалақыны көтеруді сұрап келгенде қорқыту ниетіңмен келгеніңді бірден түсінеді. Сондықтан ойыңды сыртқа шығарудың қажеті жоқ.

«Қызметім жоғарылаған соңғы уақыттан бері бір жыл өтті»: Кейбір компанияларда қызметпен жоғарылау үшін еңбек сіңіру керек - бұл уақыт мәселесі емес. Сондықтан, назарды мерзімге емес, соған лайық екеніңе аударту қажет.

«Мен сіздерде үш ай жұмыс істедім. Біз жалақы мәселесін енді қарастыра аламыз ба?»: Сіздер еңбекақы туралы соңғы бірнеше ай бұрын ғана сөйлестіңіздер - сондықтан оны қайта жасаудың қажеті жоқ. Тек, сіздің еңбек жағдайыңызда өзгерістер болмаса ғана. Жалақыны көтеру мәселесін бір жылдан кейін ғана көтеріңіз.