Жалақыны өсіру: Қарағандының мыңнан астам кәсіпорны Елбасы бастамасын қолдады
Жалақыны өсіру жайлы бірінші болып облыстың ірі жүйе құрушы компаниялары мәлім етті.
«Бұл компанияларда айлықтың өсуі жалақысы төмен жұмыскерлерге ғана қатысты емес, еңбекақы деңгейіне қарамастан, барлық санаттар қамтылатын болады. Бұл, 80 мыңнан астам адам», - деп атап өтті Қанатбек Балсариев.
Қарағанды облысында тағы 1047 кәсіпорын мен ұйым 7 мыңнан астам қызметкердің еңбекақысын ұлғайтуды көздеп отырғандарын айтты. Олар қала және аудан әкімдіктерімен меморандумдар жасасты. Бұл келісімдерде сондай-ақ қызметкерлердің санын қысқарту және айлықақыны кешіктіруге жол бермеу де қарастырылған.
Басқарма басшысының айтуынша, еңбекақы кәсіпорын формасына қарай 12-ден 25% дейін артады деп күтілуде.
«Жалақының ұлғаюы жерлестеріміздің барынша көп санын қамту үшін бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет. Кәсіпорын басшылығымен кездесіңіздер, мәселені талқылаңыздар, - деп тапсырды облыс әкімі Ерлан Қошанов.