Шетелдік басылымның жазуынша, Симмондстың бір жылдық жалақысы 84 435 фунт (150 мың доллар) болған. Сондай-ақ мемлекет оның жалға алған пәтеріне жыл сайын 27 875 фунт (47 мың доллар) төлеп отырған.
Шенеуніктің айтуынша, ол Лондонда қонақүйде тұруға мәжбүр, ал отбасына қаладан 100 шақырым қашықтықта үй жалдаған. Ал барлығы бірге бөлінген қаражатқа астанада тұру, оның ойынша, мүмкін емес.
Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Симмондстың отставкасына қол қойды.