Жол-көлік апаты кеше сағат 11:00-де Бішкек-Ош трассасының 423 шақырымында болған. «Вольво» (S95-97AL) маркалы бензин таситын көлік «Хонда Фит» (S63-61АЕ) машинасымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында жеңіл автомобильдің жолаушылары қаза тапты: Екі ер адам және үш әйел.
Мерт болғандардың денесі Қаракөл қалалық ауруханасының мәйітханасына жеткізілгені хабарланды. Жол-көлік апаты болған жерде милиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.