Шара барысында «Рухы асқақ ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, құнды мағлұматтар берілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов батырдың ерлігі мен өмірін насихаттай келе, жастардың патриоттық сезімін ояту бағытындағы шараның маңызына тоқталды.
Конференцияны Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Алмат Әбілхан қорытындылап, Жалаңтөс Баһадүрдің ерен ерлігі өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі қалатынын айтты.