ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 294,9 мың адамға немесе 3,6 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,1 пайызды) құрады.
2012 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 473,6 мың адамды, яғни жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы мамыр айының соңына 70,5 мың адам («Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасына» қатысатындарды қоспағанда) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8 пайызын құрады (2011ж. мамырда - 0,8%).
2012 жылғы мамырда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3 пайызын құрады.