Жалданбалы қызметкерлерді әскерге шақырылушылар ауыстырады - БАӘ

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі 18-ден 30 жасқа дейін ер адамдарғаи жалпыға ортақ әскери міндет артпақшы.

Қазір елдің қарулы күштеріндегі қызметті шетелдік жалданбалылар атқаруда. Премьер шейх Мохаммед бин Рашид Мактум тұрақты әскердің БАӘ-ні жақсы қорғауға көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлады ВВС. Бұл әйелдер үшін міндетті емес - олардың әскери парыздарын өз еріктерімен орындауларына болады. Үкімет әзірге бұл заңның қашан күшіне енетінін айтпай отыр.