Жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың қосымша бөлімшесі ашылады

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін сәуірдің 30-ында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Жалдамалы мүлік бағдарламасы аясында өткізілетін үй-жайларға жалдау ақысының жоғары сомасын есептеуге тапсырылатын құжаттарды қабылдаудың қосымша бөлімшесі ашылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Жалдамалы мүлік бағдарламасы аясында және жалдау арқылы пәтерлерді сатып алуды қалайтын азаматтардың санының артуына орай Жылжымайтын мүлік қорының Тұрғын-үй комиссиясының кеңесі бойынша жалдау ақысының максималды сомасын есептеуге тапсырылатын құжаттарды «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС басқарушы компаниясының ақпараттық орталығында қабылдаудың мүмкіндігін ұймдастыру қарастырылды. Құжаттарды қабылдау қосымша «Қазақстанның Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ-ның менеджерлерімен 2010 жылдағы сәуірдің 30 мен мамырдың 5 аралығында Орынбор көш,21/1 «Ақжайық» тұрғын-үй кешені, басқарушы компаниясының ақпараттық орталығы, № 3 кеңсесінде жүзеге асырылады», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жалдау ақысының максималды сомасын есептеу үшін қабылданатын құжаттар «Қазақстанның Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ-ның бөлімшелерінде мына телефондар және мекен-жай арқылы жүргізілетінін еске саламыз: Абай көш., 8, 7 (7172) 40-72-77, 40-75-74 және Қажымұқан көш, 12 «А», 7 (7172) 36-19-20, 36-19-07

Бағдарлама жайында толық ақпаратты www.kazproperty.kz сайтында алуға болады.

Сонымен қатар, азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын қарастыру мақсатында сенім телефоны ашылды: 8 (800)-080-30-00.