Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы Астана мен Алматы қалаларының серіктес қалаларын дамытуға 6,6 млрд. теңге, сондай-ақ «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша инженерлік желілер салуға 4,8 млрд. теңге көзделген.
«Тұрғын үй құрылысын қажеттіліктермен қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі - құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның болуы, бұл мақсатқа 2011 жылы 10 млрд. теңге қарастырылып отыр»,-деді агенттік төрағасы.