«Заңнамалық түзетулер енгізілгеннен кейін Үкіметте таныстырылды. Бүгінде Мәжіліс қарауына жіберілді. Министрліктің нормативтік-құқықтық базасында заңнамалық өзгерістер мен заңнамалық түзетулер бар. Аталған мүмкіндікке алдымен сол жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқандар ие болады. Яғни 5 жыл бойы тұрып, жалға берілген тұрғын үйді сатып алуға үміткер бола алады», - деп түсіндірді Қанат Шарлапаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазір тұрғын үйді баланстық құн бойынша сатып алуды қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүріп жатыр.
«Әзірге бұл механизмнің түпкілікті іске асуы туралы айтуға әлі ерте. Біз заңды Мәжілістің қарауына жібердік. Бұл түзету Мәжілісте қолдау табады деп сенемін және біз осы пәтерлерде тұратын адамдарға толыққанды иеленуге мүмкіндік бере аламыз», - деді Қ.Шарлапаев.