«Жалған ақпарат» үшін Coca-Cola компаниясын сотқа берді

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Жеміс шырыны мен сусындарын өндіретін POM Wonderful компаниясы Coca-Cola-ның Munite Maid бөлімі шығаратын алкогольсіз шырынның этикеткасындағы жалған ақпаратқа байланысты компанияны сотқа берді. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Бұған «100% шырыннан тұрады» деп жарнамаланып жүрген «5 шырыннан жасалған коктейль: анар және көкжидек» деп аталатын сусын себеп болған. Ал бұл сусын алма және жүзім шырындарынан жасалған екен. Құрамында анар мен көкжидек шырыны мүлдем жоқ. POM Wonderful өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұл тұтынушыларды саналы түрде алдау болып табылады.

Әзірге Coca-Cola өкілдері бұл жағдайға түсініктеме жасаған жоқ.