Жалған ақпараттар қызылордалық кәсіпорындар жұмысына кедергі келтірді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті өнімдерге қатысты таралған шындыққа жанаспайтын ақпарат кәсіпорындардың жұмысына кедергі келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай жалғанхабарлар әлеуметтік желі арқылы таратылған. Одан зиян шеккен компанияларқатарында тұз өндіретін «Аралтұз» АҚ мен күріш өнімін шығаратын «Байдала» ЖШСбар. Әлеуметтік желі арқылы таратылған жалған ақпаратта тұз сапасының төмендегеніайтылған. Ал онда «Байдаланың» күрішіне қатысты «өнім сапасыз» деген сарындабейнематериал таратылған.

Осыған орайкомпания басшылары тұрғындардың алаңдауына ешқандай негіз жоқ екенін алғатартады. Олардың өнімдері бұрынғы сапасынан төмендеген емес.

«Біздің өнімніңсапасы күн сайын тиісті органдар тарапынан тексеріліп отырады. Сапасын өтеқатаң қадағалаймыз. Айта кетерлігі, «Аралтұз» өнімдерінің үштен екісі шетелгеэкспортқа шығарылады. Біздің өнімдерімізді алатын елдер сапа мәселесіне басаназар аударады», - деді «Аралтұз» АҚ вице-президенті Евгений Король.

Күріш өндіруменайналысатын «Байдала» ЖШС шығаратын өнімнің сапасы да қалыпты. Ол жөнінде«Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Қызылорда филиалының басшысы МейрамбекСерікбай айтып өтті.

«Біздің облыстазауытта өндірілетін және экспортқа шығарылатын күріштер үш тексеруден өтеді.Олар - сәйкестік, карантиндік және сапа сертификаты. Облыс диқандары елімізтұтынатын күріштің 80 пайызын өндіреді. Бұрын біздің аймақта өндірілетін күріштің20-30 пайызы ғана экспортқа шығатын, қазір ол біршама артты. Компанияның күріші- сапалы, халық тұтынып жоғары бағасын алып жүрген, экспортта сұранысқа иеөнім», - деді Мейрамбек Серікбай.

Екі компанияғақатысты жағдай «Атамекен» ҰКП, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Ішкіістер органдары бақылауына алынған. Кәсіпкерлерге жан-жақты көмеккөрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар