16:50, 05 Маусым 2009
Жалған кәсіпкер мемлекетке 240,8 млн. теңге залал келтірді
АЛМАТЫ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті И. деген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлімінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбей-ақ ол «ҚазБиікҚұрылыс» және «Транс-Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін тіркеп, 240,8 млн.теңге салық төлемеу түрінде мемлекетке зиян келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мақсатсыз пайдалану арқылы үлескерлердің сомасы 1,2 млрд.теңге болатын ақшалай қаражатын жымқырған ЖШС басшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.