«Прокурорлардың шағымдары бойынша жалған кәсіпкерлік белгілері бар 569 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуінің күші жойылып, қадағалау актілері бойынша контрагенттерге 50 млрд. теңге қайта есептелді, соның ішінде 19,3 млрд. теңге өндіріліп алынды»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомствоның атап өтуінше, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында халықты еңбекпен қамту және еңбекақы төлеу саласында прокурорлардың актілері бойынша жұмысшылардың пайдасына 6,5 млрд.-тан астам теңге өндірілді. 163 кәсіпорында қарыздар толық өтелді. 158 мың жұмысшының құқықтары қорғалды.
Алматы қаласы және Қарағанды облысы прокуратуралары проблемалық кәсіпорындар бойынша 271 млн.-нан астам теңгенің (сәйкесінше 115 млн. және 156 млн. теңге) өтелуін қамтамасыз еткен.
12:37, 16 Қаңтар 2016
Жалған кәсіпкерлік белгілері бар 569 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күші жойылды - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы «көлеңкелі экономикаға» тосқауыл қою саласындағы жұмыстарын жандандырды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.