Павлодар облыстық сотының хабарлауынша, Черногория Республикасының азаматы П., Сербия Республикасының азаматы Л. басқарған «Форд» автокөлігімен Қазақстан Республикасы Павлодар қаласына Ресей Федерациясы арқылы Сербияның «Красная звезда» және Павлодардың «Ертіс» командалары арасында өтетін футбол матчын көруге келген. ҚР шекарасынан өтер кезде Сербия Республиасының азаматы К.-нің төлқұжатын ұсынған.
Сот отырысында П. кінәсін толығымен мойындап, өзінің танысының Сербия Республикасының азаматы К.-нің төлқұжатын алғанын, себебі Черногория Республика азаматтарына Қазақстанға кіру үшін келу рұқсатнамасы керектігін, ал Сербия Республикасының азаматтарына рұқсатсыз кіруге болатынын түсіндірді.
Сот қаулысы бойынша П., ӘҚБК 514 б. 2 б. сәйкес құқық бұзушылық жасағанына айыпты болып танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.